Колледжімізде «Мейірімді жүрек -аялы алақан» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Жәрмеңкені өткізудегі мақсат-өскелең ұрпақ бойына қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық сияқты қасиеттерді сіңіру. Іс-шараға колледжіміздің ұстаздары мен студенттері белсене ат салысты. Жәрмеңкеден түскен қаржы Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйіне жеткізілді. Ол жерде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Балалар бір-бірімен тату-тәтті жарыса балдай тілдерімен өлең, ән айтса, студенттер балалармен түрлі тренингтер өткізіп, ойын ойнатып балалардың көңіл-күйін көтерді. Соңынан балаларға арнайы дайындалған сыйлықтар табыс етілді.
Comments are closed