2026 жылғы 6 сәуір күні колледжімізде «Мектеп асханаларындағы екінші тағамдарды дайындау» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Қояпов Дауреннің ұйымдастыруымен ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер екінші тағамдарды дайындаудың технологиясымен танысып, тағам әзірлеудің негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде орындады. Сонымен қатар, санитарлық талаптарды сақтау, тағам сапасына мән беру және дұрыс ұйымдастыру жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Студенттер белсенділік танытып, өз білімдері мен дағдыларын көрсетіп, практикалық жұмыстарға ерекше қызығушылықпен қатысты.

#

Comments are closed