2025 жылдың 23-25 сәуір күндері аралығында колледжімізде мектеп оқушыларына арналған ашық есік күндері өтуде.

Іс-шара барысында оқушылар “WorldSkills Turkistan – 2025” өңірлік чемпионатының қалай өтетінін көріп, түрлі құзыреттіліктер бойынша шеберлікпен танысты. Олар колледж ішін аралап, оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар және студенттік өмірмен жан-жақты танысты.
Чемпионаттың атмосферасы жастарға шабыт пен сенім сыйлады.
Ашық есік күнінің мақсаты болашақ талапкерлерге колледжіміздің білім беру үрдісі мен мүмкіндіктерін жақынырақ тануға тамаша мүмкіндік сыйлады.⠀
Біз Сіздерді келесі жылы студенттеріміздің қатарынан көргіміз келеді!

#

Comments are closed