«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндер бірлестігінің «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» айлығы аясында ВДН-0925-2 тобының қатысуымен «Мемлекет түсінігі. Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттердің тарихи білімін тереңдетіп, ойлау және талдау қабілеттерін дамыту мақсатында түрлі белсенді әдістер мен заманауи цифрлық платформалар қолданылды. Атап айтқанда:
«Миллион кімге бұйырады» ойыны, сәйкестендіру, «Еркін пікір» ойыны, «Банкомат» ойыны, сергіту сәті.
Сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, өз пікірін еркін жеткізе білуге және тарихи оқиғаларды талдай отырып қорытынды жасауға бағытталды.

                    
Comments are closed