18 ақпан күні колледж кітапханасында «Мен Абайды сүйіп оқимын» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттерді кітап оқуға баулу, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттау.
Шара барысында студенттер ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, шығармаларының тәрбиелік мәні мен қазіргі қоғамдағы маңызын талқылады. Кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шара жастардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына оң әсерін тигізді.
Мұндай тағылымды кездесулер студенттердің әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.

#

Comments are closed