Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Мен жұмысшы мамандығын таңдаймын: плюстері және минустары» тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – студенттер арасында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау, еңбек адамына деген құрметті арттыру, кәсіби бағдар беру, сондай-ақ жастардың сыни ойлау, дәлелді пікір айту және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту болды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар жұмысшы мамандықтарының артықшылықтары мен қиындықтарын жан-жақты талқылап, өз көзқарастарын нақты деректер мен өмірлік мысалдар арқылы дәлелдеді. Қарсы тараптардың уәждері тыңдалып, ой жарысында белсенділік пен тапқырлық танытқан командалар ерекше көзге түсті.
Іс-шара студенттердің кәсіби таңдауына саналы көзқарас қалыптастырып, болашақ мамандыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

#

Comments are closed