Қараша айының 4-і күні колледж топ жетекшілері «Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында топ студенттеріне тәрбие сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында адал еңбектің құндылығын түсіндіру, еңбек адамының жетістікке жетудегі рөлін насихаттау және студенттердің өз саласы бойынша болашақ кәсіби жетістіктеріне қосатын үлестерін айқындау болды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер пікір алмасып, адал еңбек арқылы жетістікке жету жолдары талқыланып, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы жоғары бағаланды.
Нәтижесінде студенттер адал еңбектің адамның болашақ кәсіби дамуына әсерін түсініп, өз мамандығына деген жауапкершілігін сезінді. Белсенді қатысқан студенттер ойларын еркін жеткізіп, еңбек құндылығын аша білді. Сабақ мазмұнды, тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті. Студенттер өз жетістіктерін адал еңбекпен қалыптастырудың маңызын нақты түсінді.

Comments are closed