2024 жылдың 30-шы сәуірінде колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің қалам (ауданым, ауылым), сенің атауыңда не сыр бар?» кітапхана «Күзеті» тақырыбында іс-шара өтті.

Мақсаты: қатысушы студенттерге өздері туып өскен елдерінің мақтанышы болатын атақты қоғам қайраткерлері және табиғаты, көрікті жерлері туралы қысқаша әңгімелету, олардың ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын молайту.

Түркістан қаласының шығу тарихымен, киелі қалада өмір сүрген аңыз адамдардың есімдермен таныстыру.

Туған елін, жерін, Отанын аялауға, қадірлеуге, қорғауға және оны сүюге тәрбиелеу.

Шараға ЕТБ-0923-1, ЕТБ-0923-5 және ЗҚТ-0923-1 тобының студенттері қатысты.

Нәтижесінде ЕТБ-0923-1 тобынан құралған «Тапқырлар» командасы І-орын иеленіп арнайы Дипломмен, ал ЕТБ-0923-5 тобынан құралған «Алғырлар» командасы Алғыс хатпен марапатталды.

#

Comments are closed