Ақпан айының 5-і күні «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бимаханов Марат және Түркістан ҚПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының аға УПИ полиция майоры Қапашов Керім, жатақхана тәрбиешісі Абдихадирова Света қатысуымен №3 жатақхана студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – әлемді жайлаған нашақорлық дертінің өршіп бара жатқандығы және адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналылыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға тәрбиелеу.

#

Comments are closed