Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың зардабы мен адам өміріне тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында колледжімізде «Нашақорлыққа жол жоқ» атты семинар өткізілді.
Іс-шараға Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог маманы Кенжеқұлов Марат Ануарұлы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Өміртаева Жансая Ержанқызы, Түркістан қалалық полиция бөлімінің аға лейтенанттары Мейрханов Бағдат Ықыласханұлы мен Мырзахан Бейбарыс, сондай-ақ колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надирбаев Шохан қатысты.
Семинар барысында жоғары курс студенттері арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, нашақорлықтың зардабы, зорлық-зомбылық, бопсалау, буллинг және кибербуллинг сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің жүйке жүйесіне кері әсер ететін зиянды заттарды қолданудың алдын алу бағытында психолог маман сауалнама жүргізіп, психологиялық кеңес пен оңалту жұмыстары ұйымдастырылды.

#

Comments are closed