«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссиясының ұйымдастыруымен «Наурыз – бірлік пен жаңарудың бастауы» атты айлықтың жабылу кеші жоғары деңгейде өтті. Бұл кеш ұлттық құндылықтарды дәріптеп, студенттердің рухани дамуына серпін берді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің символы. Кеш барысында осы мерекенің мән-мағынасы кеңінен ашылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара аясында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі – тұсау кесер рәсімі сахналанып көрсетілді. Сонымен қатар, шашу шашылып, ақ баталар беріліп, ән мен би арқылы мерекелік көңіл-күй дәріптелді. Студенттер белсенділік танытып, ұлттық мәдениетке деген құрметтерін көрсетті.

#

Comments are closed