«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты айлық іс-шарасы аясында қазан айының 16-сы күні “Өмірде де, өнерде де сан қырлы” атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің қонағы журналист, ғалым , ұстаз композитор, профессор, халық арасында “Жас жұбайлар”, “Ауыл жатыр той жасап”, “Түркістаным – Тұраным”, “Неге, неге”, “Қазақ жауынгері” және т.б. әндерімен танымал – Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы.
Кештің мақсаты: Еліміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген, туған жерге, қазақ еліне қызмет жасаған, әлі де жасап жүрген азаматымызды үлгі ретінде таныстыру, сол арқылы жастарды елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуге ықпал ету. Олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып насихаттау.
Comments are closed