Ахмет Ясауи колледжінде “Ветеринария” мамандығы бойынша білім алушы 1 курс студенттерінің мамандыққа қызығушылығын арттыру және оқу дағдыларын өндірістік тәжірибемен ұштастыру мақсатында “БӨРТЕ МИЛКА” сүт зауытына экскурсия жасалды. Студенттер сүтті сиырларды күтіп-бағу ерекшеліктерімен, зауыттың автоматтандырылған өндірістік жүйесімен танысты.

#

Comments are closed