Мамыр айының 16-сы күні колледжімізде Жұмысшы мамандықтар жылына арналған жоспар аясында мектеп оқушыларына бағытталған “One skills, one school” кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар мен студенттерге аспаз мамандығының мәні мен маңызын түсіндіру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу.
Іс-шараға колледждегі “Аспазшы” мамандығының түлектеріне жұмыс берушілер:
– «1465 QAZAQ» мейрамханасының бас аспазы – Темірханов Досбол Садырханұлы
– RIXOS қонақ үйінің «Қазақ Азия» мейрамханасының бас аспазы – Досжанов Нұрмұрат Сабырбекұлы
– «Кәусар» шайханасының директоры – Әбиева Қатира Нұрғалиевналар шақырылды.
Жұмыс берушілер колледж студенттері және оқытушыларымен ашық сұхбат өткізіп, өздерінің өмірлік жолы, кәсіби тәжірибесі, және табысқа жету жолындағы маңызды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, жұмыс берушілер осы іс-шараға орайластырып колледжде ұйымдастырылған мектеп оқушылары арасындағы “Үздік аспаз” байқауын тамашалады. Колледж білім алушылары мен мектеп оқушыларына мастер-класс ұйымдастырды.
“Үздік аспаз” байқауының мақсаты:
✅ Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру
✅ Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту
✅ Кәсіби бағыт-бағдар беру арқылы болашақ таңдауына серпін беру.
Мұндай байқаулар мектеп оқушыларының мамандыққа деген қызығушылығын оятып, болашаққа деген сенімін арттырады.
Жұмыс берушілер тарапынан байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды. Білім алушылар кәсіби мамандардан тікелей сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара соңында қонақтар: “Мамандықты жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуға ұмтылыңыздар” – деген жылы лебіздерін білдіре отырып, оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда қателеспеуге, адал еңбек етуге және мақсатқа жету жолында табандылық танытуға шақырды.

Ахмет Ясауи кәсіби колледжі — болашақ мамандар ордасы!

#

Comments are closed