Бүгін колледжімізде «Ұлттық өнер-рухымыздың темір қазығы» атты «Киім дизайны» мамандығының студенттері әзірлеген киім үлгілерін сахнаға шығарды. Қазақ болмысына тән өрнектерді әшекей мен киімге жанастырып, трендке айналдыра білген білім алушыларымыздың еңбегі бүгінгі дефиледе айқын көрінді.
Сән-салтанатты мазмұн еткен бұл іс-шарада қазақтың ұлттық киім үлгілері көрсетіліп, ұлтымыздың өнері мен мұрасы, дәстүрлі дүниетанымы дәріптелді.
Сән өнерін тамашалаған колледж ұжымы өздерінің оң бағаларын беріп, сәттілік тіледі. Іс-шара соңында колледж директоры бүгінгі дефилеге қатысып, өз өнерлерін көрсеткен топтарды марапаттады.
Comments are closed