Желтоқсан айының 11-жұлдызында әдіскер Ф.Дүйсенбайдың ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған «Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинарға ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Смайлова Зиёда “Differentiation” әдісін, орыс тілі пәні оқытушысы Ерзақова Ақалтын ашық сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерін, арнайы пәндер оқытушылары Тұрарбек Назым мен Тохтамуратов Давлат оқу процесін тиімді ұйымдастыру жолдарын ұсынды. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Тасболат Арай мен Тоқташева Ұмсын сабақта қауіпсіздік ержелерін сақтау жолдарын ұсынды.
Семинар соңында колледж педагог-психологы Г.Сауқымбаева оқытушыларға «Ой мен ойын», «Молекула», «Оның есесіне мен…», «Кедергіден бірге шығайық» атты тренингтер жүргізді.
Comments are closed