ТжКББ күні кәсіби мерекесін атап өту қарсаңында колледжде ізгілікке бағытталған «PROFМарафон: Мейірім» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
Аталған игі шара барысында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері мен колледж ұжымы қала көшелерінің тазалығын қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына ыстық сусындар мен тағамдар үлестірді.
Бұл бастаманың басты мақсаты – еңбегі елеусіз қалмайтын қарапайым жандарға қамқорлық көрсетіп, мейірімділік пен алғыс білдіру мәдениетін қалыптастыру. Жоба қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып қана қоймай, студенттерге ізгілік пен жанашырлықтың шынайы құндылық екенін ұғындыруды көздеді.

Comments are closed