Түркістан станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аумағында, қызметтік және азаматтық қарумен, оның ішінде тіркелмеген атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ заңсыз айналымдағы қаруларды анықтау, тәркілеу мақсатында 2025 жылдың 2-6 маусым аралығында «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Өткізілетін іс-шараның негізгі мақсаты аудан көлемінде заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу, олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау, атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу болып табылады.
Сонымен қатар, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу болып табылады.
Іс-шара кезінде темір жол бойына жақын орналасқан қызметтік және азаматтық қару иелері тексеріліп, аудан аумағында рейдттік тексерулер жүргізілетін болады.
Түркістан ст.ЖПБ.

#

Comments are closed