Оқу ордамыздың студенттері Түркістан қаласындағы Конгресс холл кешенінде өткен «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумына қатысты.
Іс-шара Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Форумның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды.
Мұндай форумдар жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласуға, жауапкершілік пен сана-сезім қалыптастыруға зор ықпал етеді.

#

Comments are closed