Колледж оқытушы-қызметкерлері арасындағы бірлік пен достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Спорт – біздің серігіміз» атты бөлімаралық спорттық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған жарыс – тек спорттық бәсекелестік емес, ұжымдық рухты, командалық ынтымақтастық пен өзара сыйластықты арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Іс-шара барысында колледж оқытушылары әртүрлі салада еңбек етсе де, ортақ мақсат жолында бірігіп, жарыс алаңында өздерінің белсенділігін, ұйымшылдығын және командалық рухын көрсетті.
Жарыстың басты мақсаты – жеңіске жету ғана емес, қатысудың өзі маңызды екенін ұғындыру, достық пен ынтымақтастықты нығайту.

#

Comments are closed