Бүгін, 15 сәуір күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде Түркістан қаласы «Әйелдер» алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева ханым мен алқа мүшелерінің, колледж қыздар төрайымы Н.Ибрагимованың қатысуымен ұлттық рухты ұлықтаған ерекше іс-шара өтті.
«Салт–дәстүр – асыл қазынам» тақырыбындағы басқосу барысында қазақ халқының ұмыт бола бастаған ырым-тыйымдары кеңінен насихатталып, ұлттық өнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Қонақтар өз қолдарымен жасаған туындыларын таныстырып, төл мәдениетіміздің ою-өрнегін, сырлы сырын паш етті.
Шараның сәнін кіргізген – әсем әндер мен көркем билер. Студенттер мен қонақтар халық әндерін шырқап, ұлттық биден көріністер қойып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мұндай рухани-танымдық кездесулер – ұлттың ұлы мұрасын ұрпаққа жеткізудің жарқын жолы.

📸 Іс-шарадан әсерлі сәттер суреттерде!

#

Comments are closed