Колледжімізде арнайы мамандардың қатысуымен қыздар жиналысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қыз балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, олардың өмірлік маңызды мәселелер бойынша ақпараттану деңгейін арттыру.
Кездесу барысында аутодеструктивті мінез-құлықтың, ерте жүктіліктің және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар қыздарға өз құқықтарын білу, қауіпсіз орта қалыптастыру, қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Жиналыс қыздардың саналы таңдау жасауына, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына бағытталды. Осындай тәрбиелік және алдын алу бағытындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қауіпсіздік – әрбір жастың саналы таңдауынан басталады.

Comments are closed