«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект және гуманитарлық ғылымдар» атты айлық іс-шара аясында 2026 жылдың 19 ақпан күні арнайы пән оқытушысы Дадажанова Муниса ЗҚТ-0924 тобымен «Сандық әлемдегі қауіп: интернет алаяқтық және жасанды интеллект» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Ашық тәрбие сағаты барысында білім алушыларға интернет алаяқтықтың түрлері, жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен қауіптері туралы жан-жақты түсінік берілді. Сонымен қатар жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары үйретіліп, сандық қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпараттар ұсынылды.
Іс-шара студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Comments are closed