📌»AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының бастамасымен және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастыруымен «Сарбаз болғым келеді» акциясы өтті. Танымдық экскурсияға бағытталған іс-шараға «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің 30-дан астам білімгерлері және рухтас жастар қатысты.
📎Акция Түркістан қаласы “Ұлттық ұлан 6505” әскери бөлімшесінің аумағында өтті. Қатысушылар әскери техника, казармаларға және әскери Ұлттық ұлан сарбаздарының күнделікті тұрмыс тіршілігіне куә болды. Бөлім қызметкерлері күндіз-түні қоғамдық тәртіпті қадағалап, азаматтардың тыныштығын қорғауға үлес қосады.
📌Жас сарбаздар тек қатаң әскери тәртіпке үйреніп қана қоймай, шынайы ерлік пен адалдықтың, жауапкершілік пен табандылықтың үлгісін көрсетеді. Мұндағы жауынгерлердің басты міндеті – қоғам қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген қауіптің алдын алу. Олар әскери антқа берік, қайсарлық пен батылдықтың шынайы бейнесі.

Comments are closed