ТжКББ жүйесінің мәртебесін арттыру және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз қызығушылықтарына сай түрлі бағыттағы шеберлік-сабақтарына қатысып, жаңа дағдыларды меңгерді:
• «1С әлеміне саяхат» – бағдарламалау негіздерімен танысу;
• Click & Creat: «Бір сағатта өз сайтыңды жаса» – веб-дизайнға алғашқы қадам;
• «Карвинг өнері – көкөніс пен жемісті көркемдеп өңдеу технологиясы» – шығармашылық қабілетті дамыту;
• «Роботтар біздің өмірімізде: қиялдан шындыққа» – заманауи технологиялар әлеміне саяхат;
• «Тігін машинасымен жұмыс жасаудың құпиялары» – тігін ісінің қыр-сыры.
Бұл шеберлік-сыныптар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беріп, кәсіби қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік жасады.

Comments are closed