2026 жылдың 4 наурыз күні ВДН-0925-2 тобы студенттерімен ағылшын тілі пәні оқытушысы С.Оңғарованың ұйымдастыруымен «Solar Energy. Skimming Reading» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар мәтінмен жұмыс жасап, skimming әдісі арқылы негізгі ақпаратты анықтауды үйренді. Сонымен қатар бейнематериал көру арқылы күн энергиясының маңызы талқыланып, студенттер өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізді.
Оқыту үдерісінде заманауи цифрлық құралдар қолданылып, сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылды. Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Сабақ барысында белсенділік танытқан студенттерге алғыс білдіреміз.
Таза энергия – тұрақты дамудың және жарқын болашақтың кепілі!

Comments are closed