2025-2026 оқу жылының 30 қазан күні «Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік (циклдік) комиссиясының «Жасанды интеллект және Қазақстан» айлық іс-шарасы аясында 1 курс студенттері арасында «STEM Бәйге» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс 6 кезеңнен тұрып, қатысушылар математика және физика пәндері бойынша логикалық тапсырмалар мен есте сақтау ойындары арқылы білімдері мен жылдам ойлау дағдыларын сынады. “The World of Logic”, “Energy Builder”, “Mind Battle Figures”, “GeoRun” секілді кезеңдер ерекше тартысты өтті.
Нәтижесінде жүлдегер студенттер I, II, III дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

#

Comments are closed