«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 1 курс студенттері арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «Top Tobe Grand Hall» мейрамханасына экскурсия жасады. Білім алушылар мейрамхананың өндірістік жұмыстарымен танысты. Экскурсия барысында олар сәнді банкет залы, эксклюзивті алаң, жазғы және қысқы террасасы, сондай-ақ конференция залының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, студенттер мейрамхананың тамақтану объектілерінің жұмыс жасайтын ыстық, суық және кондитерлік дайындау цехтарының жұмыс барысымен танысып, кәсіпорындағы технологиялық процестер туралы көптеген пайдалы мәліметтер алды.

#

Comments are closed