ТжКББ күні кәсіби мерекесін атап өту аясында колледжде «Студенттер vs Педагогтер» шығармашылық-спорттық марафоны ұйымдастырылды.
Бұл шара колледж ұжымындағы бірлікті қалыптастыруға, студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Қатысушылар «Білім мен күш – толағай жеңіс» атты спорттық сайыста өз мүмкіндіктерін көрсетіп, сондай-ақ волейболдан тартысты ойындар мен тоғызқұмалақ жарысында бақ сынады.
Марафон ұжымдық рухты көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Comments are closed