Колледжімізде «Таза сессия» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған танымдық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік қағидаттарын нығайту және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Тренинг барысында студенттер адал емтихан, әділ бағалау және академиялық адалдық мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін ашық білдіріп, белсенді пікір алмасуға қатысты. Сонымен қатар, интерактивті ойындар ұйымдастырылып, тақырыпқа қатысты нақты өмірлік жағдайлар талқыланды.
Аталған іс-шара білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға оң ықпал етті.
Таза сессия – адал білім мен әділ бағалаудың негізі!

Comments are closed