«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде білім алушылары үшін ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 2-қосымшасының «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларына» бітіруші түлектердің қорытынды аттестация және біліктілік тағайындау емтихандары басталды. Мамандықтың оқу жоспарын толық аяқтаған бітірушілерді емтиханға жіберу туралы бұйрығы шығарылды. Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 25 тармағына сәйкес қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы кәсіпорындар мен жұмыс беруші мекемелердің білікті мамандарынан 65% және білім беру ұйымы өкілдерінен 35 % арақатынасында құрылған.
Қорытынды аттестаттау емтихандарына жауапты оқытушы кеңес сағаттарын өткізіп, әрбір сұрақты талқылап, сұрақтарға толық мәлімет береді. «Таза сессия» жобасының аясында қорытынды емтихандардың әділ өтуін қадағалау үшін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Емтихандарға жауапты тұлғалар мен хатшы тағайындалған кесте бекітіліп, барлық білім алушыларға таныстырылды. Оқытушылар мен оқушыларға қорытынды бақылау барысындағы ашықтық, академиялық адалдық талаптары мен жалпы тәртіптің сақталуы туралы ереже таныстырылды. «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің басшылығы – студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ «Таза сессия» өткізуді бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары аясында әділдікке қол жеткізуге шақырады.
Бақылау барысында емтихандардың өтуін бағалау мақсатында актілер толтырылып, қорытынды жазылады. Емтихан тапсырушы барша студенттерге сәттілік тілейміз!

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *