17 қараша – дүниежүзі студенттері үшін тарихи маңызы зор күн. Бұл дата 1939 жылы Прага қаласында нацистік Германия басқыншылығына қарсы ерлікпен көтерілген чех студенттерінің қайсарлығын еске алады. Азаттық үшін күресте көптеген жас қаза тауып, мыңдағаны концлагерьлерге айдалған еді.
Студенттердің осы ерлігі мен рухы әлемге үлгі болып, 1941 жылы Лондонда өткен Халықаралық студенттік кеңес 17 қарашаны – Халықаралық студенттер күні деп жариялады.
Содан бері бұл күн жастардың жігерін, білімге деген талпынысын, қоғамдағы белсенділігін айшықтайтын маңызды мереке болып саналады.
Осыған орай Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің студенттері барша замандастарына жүрекжарды құттықтауларын жолдап, білім жолындағы табыс, мақсат-мұраттарының орындалуын тілейді.

Comments are closed