«Тағам өндірісі және ветеринария» пәндік циклдік комиссия бірлестігінің айлық іс-шарасының ашылуына орай колледжімізде жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңке барысында студенттер мен оқытушылар өз қолдарымен дайындаған тағам өнімдерін ұсынып, кәсіби дағдыларын көрсетті. Әрбір өнімнің сапасы мен безендірілуіне ерекше мән беріліп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің тәжірибелік білімін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мамандыққа деген қызығушылығын арттыру болды.
Жәрмеңке жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен қонақтарға жағымды әсер қалдырды.

#

Comments are closed