Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған «Табысты колледж» жобасы аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің жауапты орындаушылары «Кәсіптік оқудағы көпсалалы» колледжі базасына кезекті іс-сапарын жасап, қажетті зерттеулерді жүргізіп, тәжірибе алмасып қайтты. Бұл жоба өз алдына білім мен тәжірибе алмасуды, инновациялық әдістерді енгізуді және бірлесіп жұмыс істеуді талап етеді.
Айта кетейік, «Табысты колледж» жобасының мақсаты – колледждердің білім беру сапасын арттыру, студенттер мен оқытушылардың әлеуетін дамыту және колледждердің арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Comments are closed