15 мамыр күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше мазмұнды әрі әсерлі кездесу ұйымдастырылды. Кездесу – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып, бүгінде еңбек жолында үлкен жетістіктерге жетіп жүрген түлектермен өтті.
Бұл басқосуға кәсіби тәжірибесі мол, өз ісінің шеберлері жиналды. Атап айтқанда:
— Жақсылық Асылзат – Жеке кәсіпкер
— Қыдыралиева Ұлбала – Жеке кәсіпкер
— Айдарбек Арайлым – Жеке кәсіпкер
— Тәжібаева Жанна – Sushef Turkistan ЖК-нің сушефі
— Биділда Қарақат – 1465 Қазақ мейрамханасының аспазы
— Камилов Мардан – Rixos қонақ үйінің Қазақ-Азия мейрамханасының аспазы
— Жұмабай Ақнұр – Rixos қонақ үйінің Қазақ-Азия мейрамханасының бас аспазы
— Құланбаева Алтынай – Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы
Түлектер өздерінің еңбек жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға шынайы әрі жан-жақты жауап берді. Іс-шара барысында кәсіби шеберлік пен еңбекке деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі көрсетілді.
🔹 Мұндай тағылымды кездесулер студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби өмірлеріне бағыт-бағдар береді. Білім мен тәжірибе сабақтасқан бұл жүздесу – жарқын болашаққа жол ашар берекелі баспалдақ десек артық емес!

#

Comments are closed