Бүгін колледжіміздің студенттері мен Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспектор мамандары -С.Ержанқызы,Ұ.Нұрсейіт, Н.Мәжитова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш. Надирбаев, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан қатысуымен жалпы студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл шара жастарды тәрбиелеу, қоғамдық белсенділікті арттыру және бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты – жастар арасында тәртіп пен ынтымақ, адамгершілік пен ұйымшылдықты насихаттау. Қазақтың “Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек” деген ұлағатты сөзі кездесу өзегіне айналды. Мамандар жастарға өзара сыйластықтың, қоғамдық тәртіптің, ортақ мүдде жолындағы ынтымақтастықтың маңызын түсіндіріп, волонтерлер тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті. Сонымен қатар, болашақ жобалар туралы ойлар ортаға салынды.
Осындай шаралар – жастардың көшбасшылық қабілетін дамытып, қоғам өміріне белсене араласуға жол ашады!

#

Comments are closed