№3 жатақхана тәрбиешісі С.Абдыхадированың ұйымдастыруымен жатақхана студенттеріне «Тәуелсіздік-тұғыры» атты іс-шара өтілді. Іс-шарада еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихына түсінік берілді. Тәуелсіздік туы желбіреген жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерді айта отырып, еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өзінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істері таныстырылды.
Мақсаты: тарихты бағалай білуге үйрете отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

#

Comments are closed