2025 жылдың 11 желтоқсан күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Н.Садыков, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және оқу ордамыздың белсенді студенттері қатысты.
Кездесудің мақсаты – студенттермен тиімді кері байланыс орнату, экологиялық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында Нұрбек Садыков:
– Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық заңнама талаптары туралы кең көлемде ақпарат берді;
– Азаматтардың экологиялық құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндірме жасады;
– Студенттер тарапынан қойылған өзекті сұрақтарға нақты және толық жауаптар ұсынды.
Кездесу барысында жастардың экология саласына деген қызығушылығы мен белсенді ұстанымы байқалды. Аталған іс-шара қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға, жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарауды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.

#

Comments are closed