Бүгін колледжімізде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің маманы Қыдырбай Қасиет Өмірбекқызы, Түркістан қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ -і инспектор маманы Ахмет Ұлпан, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев, педагог-психолог Г.Сауқымбаева, әлеуметтік педагог Б.Тұрсынхан қатысуымен жалпы студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
«Таза сессия» акциясы аясында студенттерге «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру. Жемқорлықтың жалпылама белгілері және сыбайлас жемқорлықтың зардаптары жайлы кеңінен мәлімет берілді. «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында ақпараттар көрсетілді.

#

Comments are closed