15 мамыр күні колледжіміздің студенттері Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры сахнасында қойылған көрнекті драматург Ә.Оразбековтың “Бір түп алма ағашы” драмасын тамашалап қайтты.
Қойылым терең мазмұны, әсерлі ойын өрнегі және актерлердің шеберлігінің арқасында көрермендердің жүрегіне жол тауып, ой салар тағылымды сәттерге толы болды. Адамгершілік, отбасы, кешірім және адам жанындағы ізгілік сынды мәңгілік құндылықтар көтерілген бұл қойылымнан студенттер үлкен әсер алып, рухани байып қайтты.
Бір күнде өткен екі сеанста 450-ге жуық студентіміз театр көрермені ретінде өнер әлеміне саяхат жасап, сахна тылсымын жақыннан сезінді.
🎉 Театр ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Осындай тәрбиелік мәні зор дүниелермен жастарымыздың көркемдік талғамын қалыптастырып, рухани дамуына үлес қосып жүргендеріңізге мың алғыс! Шығармашылықтарыңыз шалқар шабытқа толы болсын!

#

Comments are closed