Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 18 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде терроризмнің, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мақсатында студенттерге арналған әлеуметтік-профилактикалық бағыттағы бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық санасын арттыру, радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Көрсетілген бейнематериалдар арқылы студенттер:
• террористік және экстремистік әрекеттердің қоғамға тигізетін зардаптары;
• радикалдық ағымдардың белгілері мен қауіптілігі;
• жастарды жат идеологиялардан қорғау жолдары туралы нақты әрі маңызды мәліметтер алды.
Аталған бағыттағы профилактикалық шаралар жастардың діни сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы бейбіт өмірді нығайтуға бағытталған және алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

#

Comments are closed