«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссиясының ұйымдастыруымен «Тіл – ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы» тақырыбындағы айлық іс-шараның ашылу салтанаты өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тілдің қоғам өміріндегі маңызын терең түсіндіру.
Айлық аясында өткізілетін түрлі танымдық, шығармашылық және зияткерлік шаралар арқылы жас ұрпаққа тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен дүниетанымын сақтайтын асыл рухани қазына екендігі насихатталады.

Comments are closed