Қараша айының 18-і күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Аметованың ұйымдастыруымен “Ең білімді топ” атты топтар арасындағы интеллектуалды сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетінің бай мұрасын терең меңгерту, жастардың ұлттық тарих пен мәдениетке деген құрметі мен қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушы топтар өз білімдерін көрсетіп, қызықты әрі танымдық тапсырмаларды орындады. Ойын формасында өткен бұл сайыс студенттердің сергіп, пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

#

Comments are closed