«Жалпы білім беру пәндері және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінде «Жасанды интеллект және жаңа Қазақстан» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспары жүзеге асырылуда.
🔹 Осыған орай, ДТС-0925-2 тобына математика пәнінің оқытушысы Балтабаева Замира «Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌 Сабақтың мақсаты:
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу жолдарын меңгерту, есептеу дағдыларын қалыптастыру.
📈 Сабақ барысында:
✅ Білім алушылар тригонометриялық теңсіздіктерді шешу ұғымын жан-жақты зерттеді.
✅ Есеп шығаруда түрлендіру әдістерін тиімді қолдануды үйренді.
✅ Жоғары белсенділік танытып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырды.
🔹 Ашық сабақ студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, математикалық білімдерін тереңдетуге бағытталды.

#

Comments are closed