Колледжімізде ТжКББ күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында білім ордамызға ұзақ жылдар еңбек сіңіріп, зейнетке шыққан ардагер ұстаздар мен қызметкерлер марапатталды.
Салтанатты кеш аясында:
• колледж мамандықтарының тарихы мен жетістіктерін баяндайтын бейнеролик көрсетілді;
• жас педагогтерге ізгі тілектер мен сәттілік лебіздері жолданды;
• құрметті қонақтар мен ұжым өкілдеріне марапаттар табысталды;
• мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бұл тағылымды шара ұстаз еңбегін ұлықтап, ТжКББ жүйесінің қоғамдағы айрықша маңызын айшықтай түсті.

Comments are closed