Бүгін оқу ордамыздың ІІ, ІІІ курс студенттері арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, жылдық тәрбие жоспарына сәйкес «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты спорттық қозғалмалы эстафеталық жарыс өтті. Эстафета түрлері: қаппен секіріп, белгілі шаршыны айналып келу, допты қос аяқпен қысып, белгілі шаршыны айналып келу және арқан тартыс. Жарыс қорытындысы бойынша I орынды ТКА-0923-3 тобы жеңіп алса, ІІ орынды ВЕФ-0923 тобы иеленіп, ІІІ орын КДН-0924 тобына бұйырды.
Ойынның мақсаты: студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, достық пен ынтымақ ұғымдарын жетілдіру.

АхметЯсауиКоледжі

БіртұтасТәрбиеБағдарламасы

#

Comments are closed