ДТС-0925-1 тобында ұйымдастырушы Ж. Нишанбекованың жетекшілігімен «Улы газ, өрт және электр қауіпсіздігі» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты – білім алушыларды күнделікті өмірде улы газдан, өрттен және электр тогынан сақтану ережелерімен таныстырып, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға үйрету.
Іс-шара барысында студенттерге төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары, қауіпсіздік техникасын сақтау талаптары және қауіпті жағдайларда дұрыс әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.
Тәрбие сағаты оқушылардың жеке қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталды.

Comments are closed