Оқу ордамыздың студенттерімен Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай, облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен “Ұранды ердің – ұрпағы қайсар” атты патриоттық кездесу өтті. Іс-шараны “BAGLAN GROUP” қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жетекшісі – экономика магистрі, қаржыгер-экономист Құрбанов Әбілқайыр Жүсбекұлы және Ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Суюнов Беркінбай Сарибаеұлы арнайы келіп, оқу орданың жастарымен ерлікке толы естеліктерімен бөлісті.
Іс-шара барысында студенттер ардагерге көкейдегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Кездесу жас сарбаздардың рухын көтеріп, патриоттық сана-сезімін нығайтуға септігін тигізді.

#

Comments are closed