Мамыр айының 14-і күні колледжімізде жұмысшы мамандықтар жылына арналған жоспарға сәйкес «Ветеринария» мамандығының түлектерімен жылы жүздесу өтті. Бұл бас қосуға саланың түрлі мекемелерінде еңбек етіп жүрген кәсіби мамандар қатысты. Атап айтқанда:
“Вет Омир” ЖШС қызметкері — Спабек Тоғжан
ТО ВБ “Ветеринарлық қызмет” ШЖҚ МКК өкілдері — Керімбек Нұржан мен Құлджа Мұса-Диас
“Түркістан қаласының ветеринарлық қызметі” МКК маманы — Елеусізова Айдана
✨ Кездесу барысында түлектер еңбек жолындағы қызықты сәттерімен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға шынайы әрі жан-жақты жауап берді.
Бұл шара — студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беріп, болашаққа деген сенімдерін арттыра түсті. Осындай кездесулер білім мен тәжірибенің сабақтасуына жол ашатыны сөзсіз!

Comments are closed