Ақпан айының 20-сы күні дене тәрбиесі пәні оқытушысы Малтабар Айбек ДТС-0925-2 тобына «Волейболшының ұстанымы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер волейбол ойынындағы негізгі тұрыс түрлерімен, қозғалыс техникасымен және алаңдағы дұрыс орналасу қағидаларымен танысты. Практикалық жаттығулар арқылы волейболшының ұстанымының ойын барысындағы маңызы түсіндіріліп, жылдамдық, ептілік және үйлесімділік дағдылары дамытылды.
Ашық сабақ студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, командалық жұмыс пен тәртіпке баулуға бағытталды.

#

Comments are closed